< Return to Video

Роботты миымен басқаратын маймыл

  • 0:00 - 0:03
    Әріптестеріммен неврологияда
    айналысатынымыз көп жағынан
  • 0:03 - 0:05
    метеорологтардың жұмысына ұқсайды.
  • 0:05 - 0:09
    Біз дауылдардың соңындамыз.
  • 0:09 - 0:14
    Біз мидағы дауылдарды бақылап,
    зерттегіміз келеді.
  • 0:14 - 0:17
    Ойталқыға салынатын
    «ми шабуылын» жиі айтқанымызбен,
  • 0:17 - 0:20
    нағыз ми дауылын сирек
    көреміз немесе тыңдай аламыз.
  • 0:20 - 0:22
    Дәрістерді сондай тыңдаушылармен
  • 0:22 - 0:25
    танысудан бастағанды жақсы көрем.
  • 0:25 - 0:28
    Бірінші жазбада біздің бір емес,
    тұтас бір жүз нейронды
  • 0:28 - 0:30
    түсіріп алуға қолымыз жетті.
  • 0:30 - 0:33
    Бір жануардың жүздеген жасушасының
  • 0:33 - 0:35
    электр разрядын өлшей алдық.
  • 0:35 - 0:37
    Алғашқы 10 секунд жазбада
  • 0:37 - 0:39
    біздің алғанымыз мынау.
  • 0:39 - 0:43
    Ойдың титімдей үзіндісін қарауға
  • 0:43 - 0:46
    мүмкіндік алдық.
  • 0:46 - 0:47
    Мен студенттерге:
  • 0:47 - 0:51
    "неврологтар — белгілі бір дәрежедегі
    астрономдар" деймін.
  • 0:51 - 0:52
    Біз жасушалар саны
  • 0:52 - 0:55
    тек әлемдегі галактика санымен
  • 0:55 - 0:58
    теңесер жүйелермен жұмыс істейміз.
  • 0:58 - 1:01
    Міне, 10 жыл бұрын миллиард нейрон
  • 1:01 - 1:04
    арасынан жүз шақтысын жазып ала алдық.
  • 1:04 - 1:06
    Мыңға жуығын жаза аламыз.
  • 1:06 - 1:11
    Адам табиғаты жайлы бірінші дәрежелі
    бір нәрсені анықтауға үмітіміз бар.
  • 1:11 - 1:13
    Біле жүріңіз,
  • 1:13 - 1:18
    Адам табиғатын анықтайтынның бәрі
    осы ми қыраттары мен жазықтары
  • 1:18 - 1:23
    үстінде ұйтқып, біздің есіміздегілерге,
    сенімімізге, сезімімізге,
  • 1:23 - 1:27
    болашақтағы жоспарымызға пішін беретін
  • 1:27 - 1:30
    дауылдармен байланысты.
  • 1:30 - 1:32
    Біздің ісіміздің бәрі де,
  • 1:32 - 1:37
    адам баласы істеген немесе
    істейтіннің барлығы
  • 1:37 - 1:42
    осындай дауылдарды туғызатын
    көптеген нейронның ауыр еңбегі.
  • 1:42 - 1:45
    Бұрын естіп көрмесеңіздер, дауылдың даусы
  • 1:45 - 1:48
    мынадай.
  • 1:48 - 1:51
    Сәл даусын көтерсеңіз болады.
  • 1:51 - 1:58
    Ұлым «радиотолқын дыбысын жарылып
    жатқан попкорнға ұқсас» екенін айтады.
  • 1:58 - 1:59
    Ал мынау – ми.
  • 1:59 - 2:03
    Осындай электр дауылын динамикаға
    қосса, мынадай болады:
  • 2:03 - 2:06
    жүздеген жүйке жүйесінің
    жанғанын естисіз.
  • 2:06 - 2:10
    Миыңыз осылай дыбыс береді.
    Менікі де, басқалардікі де.
  • 2:10 - 2:14
    Біз, неврологтар, осы симфонияны,
  • 2:14 - 2:19
    ми симфониясын тыңдап,
  • 2:19 - 2:23
    оған жасырынған хабарды ұғуға тырысамыз.
  • 2:23 - 2:26
    12 жыл бұрын біз "компьютер-ми
  • 2:26 - 2:29
    интерфейсі" дегенді жасап шығардық.
  • 2:29 - 2:31
    Мына схемада
    қалай жұмыс істейтіні көрсетілген.
  • 2:31 - 2:37
    Идея былай, біз дауылдарды тыңдауға
    арналған сезгілерді, электр разрядтарын,
  • 2:37 - 2:40
    алып мидан шыққан
    белгі жануардың қолына және
  • 2:40 - 2:45
    аяғына жететін уақыт аралығында — шамамен
  • 2:45 - 2:48
    жарты секундта
  • 2:48 - 2:50
    осы белгілерді оқып, моторлық
  • 2:50 - 2:54
    құрамын бөліп алуға,
  • 2:54 - 2:56
    оны сандық командаға қайта кодтауға
  • 2:56 - 2:58
    шынайы уақытта мидың ерікті қозғалту
  • 2:58 - 3:04
    ниетін қайта жаңғыртатын жасанды
    қондырғыға беруге болатынын көрдік.
  • 3:04 - 3:08
    Сосын біздің команданы қайта кодтауымыз
    қаншалықты жақсы шыққанын дененің
  • 3:08 - 3:11
    өзі жасағанымен салыстыра бағалаймыз.
  • 3:11 - 3:14
    Біз кері белгіні — мидың бақылауындағы
  • 3:14 - 3:20
    роботталған, механикалық есептеу
    қондырғысы жіберетін сенсорлық белгіні
  • 3:20 - 3:22
    жасап шығара алсақ,
  • 3:22 - 3:23
    оны миға қайта жіберіп,
  • 3:23 - 3:25
    мидың жасанды механизмнен
  • 3:25 - 3:30
    түскен ақпаратқа қалай
    әрекет ететінін көргіміз келді.
  • 3:30 - 3:33
    10 жыл бұрын біз дәл осыны істедік.
  • 3:33 - 3:36
    Біз Аврора атты керемет
    маймылдан бастадық,
  • 3:36 - 3:38
    ол кейін осы салада даңқты боп кетті.
  • 3:38 - 3:40
    Аврора бейнеойындарды сүйетін.
  • 3:40 - 3:42
    Экранда көрініп тұрғандай,
  • 3:42 - 3:47
    ойнау үшін, бәріміздің балаларымыз сияқты,
    джойстикті пайдалану ұнайтын.
  • 3:47 - 3:51
    Нағыз примат тәрізді, ол дұрыс жауапты
    тапқанға дейін, қулық жасауға да тырысты.
  • 3:51 - 3:56
    Джойстиктің көмегімен оның
    курсормен сызып тастауы керек нысанасы
  • 3:56 - 3:58
    әлі пайда болған жоқ,

  • 3:58 - 4:02
    ал Аврора оны бар экраннан таппақ болуда.
  • 4:02 - 4:04
    Нысананы кішкене
  • 4:04 - 4:07
    курсормен әрбір сызып тастағаны үшін
  • 4:07 - 4:10
    ол бір тамшы бразилия
    апельсин шырынын алады.
  • 4:10 - 4:13
    Бір тамшы бразилия апельсин
    шырыны үшін әр маймыл сіз
  • 4:13 - 4:16
    қалағанның бәрін жасайтынына
    сіздерді сендіре аламын.
  • 4:16 - 4:19
    Немесе кез- келген примат.
  • 4:19 - 4:20
    Осыны ұмытпаңыз.
  • 4:20 - 4:24
    Сонымен, Аврора күніне
  • 4:24 - 4:26
    мыңдаған сынақтан өтіп, жағдайдың
  • 4:26 - 4:30
    97%-ында дөп түсіп және 350 миллилитр
    апельсин шырынын алып, ойнап жатқанда,
  • 4:30 - 4:33
    біз оның басында болып жатқан
    ми дауылдарын жазып алдық та,
  • 4:33 - 4:35
    Аврора қозғалысын көшіріп салуға
  • 4:35 - 4:39
    үйреніп жатқан роботталған қолға жібердік.
  • 4:39 - 4:43
    Идея: ми мен компьютердің өзара
    әрекет интерфейсін қосып, Аврораның
  • 4:43 - 4:47
    тек ойын туралы ойлап,
    бірақ өзі денесін қозғалтпастан
  • 4:47 - 4:50
    ойнайтын қылуда болатын.
  • 4:50 - 4:53
    Оның миы нысаналарды сыза отырып, курсорды
  • 4:53 - 4:56
    қозғалтатын роботталған
    қолды басқарар еді.
  • 4:56 - 4:59
    Таңданысымызға қарай,
    Авророда бәрі сәтті шықты.
  • 4:59 - 5:03
    Ол денесін қозғалтпай ойнады.
  • 5:03 - 5:05
    Мына траекториялар – Аврора оны алғаш
  • 5:05 - 5:08
    түсінгендегі курсордың қозғалысы.

  • 5:08 - 5:10
    Бұл басқарылатын
  • 5:10 - 5:17
    қондырғы көмегімен мидың ниетін
    примат денесі құрсауынан босатып,
  • 5:17 - 5:21
    сыртқы әлемде жүзеге асырған
  • 5:21 - 5:24
    бірінші жағдай болатын.
  • 5:24 - 5:29
    Аврора ойынын жалғастырып,
    кішкене нысаналарға дөп түсіп,
  • 5:29 - 5:32
    қалаған апельсин шырынын ала берді.
  • 5:32 - 5:39
    Оның олай істей алған себебі, сол уақытта
    онда жаңа қол пайда болған еді.
  • 5:39 - 5:42
    Міне, бірінші, алдыңғы
    бейне үзіндіден 30 күннен
  • 5:42 - 5:45
    кейінгі роботталған қол мынау.
  • 5:45 - 5:47
    Қолды Аврораның миы басқарып,
  • 5:47 - 5:51
    оны нысанаға тигізу
    үшін әрлі-берлі жылжытады.
  • 5:51 - 5:55
    Аврора енді өзінің роботталған қолының
    көмегімен ойнай алатынын біледі,
  • 5:55 - 6:00
    бірақ ол қолдары арқылы, қалаған
    нәрсесін істеу қабілетін жоғалтпады.
  • 6:00 - 6:04
    Ол өзінің немесе біздің арқамызды қасып
    береді және басқа ойын ойнай алады.
  • 6:04 - 6:06
    Аврораның миы жасанды қондырғыны,
  • 6:06 - 6:10
    өз денесінің жалғасындай
    қабылдады деп сенімділікпен
  • 6:10 - 6:13
    ұйғарым жасауға болады.
  • 6:13 - 6:16
    Аврораның өзінде болған
    дене бейнесі кеңейді,
  • 6:16 - 6:20
    оған тағы бір қол қосылды.
  • 6:20 - 6:23
    Бұл да 10 жыл бұрын болатын.

  • 6:23 - 6:26
    Қане, 10 жылға алға көшейікші.
  • 6:26 - 6:31
    Былтыр бейненің кеңеюі үшін роботталған
    қондырғының қажеті жоқ екенін түсіндік.
  • 6:31 - 6:36
    Бар болғаны виртуалды дене, проекция,
    маймыл аватарын жасау жеткілікті.
  • 6:36 - 6:40
    Маймылдарды аватармен өзара
    әрекеттесуге үйретуге немесе аватарды
  • 6:40 - 6:45
    қайраткер ретінде, бірінші жақтан
  • 6:45 - 6:48
    виртуалды әлемде қабылдауға және
  • 6:48 - 6:53
    өз миының көмегімен оның
    аяқ-қол қозғалысын басқаруға болады.
  • 6:53 - 6:56
    Біз жануарларды осындай
  • 6:56 - 6:59
    проекцияларды басқаруға және
  • 6:59 - 7:03
    виртуалды әлемдегі
    нысандармен танысуға үйреттік.
  • 7:03 - 7:05
    Бұл нысандар сырттай бір-біріне ұқсас,
  • 7:05 - 7:09
    бірақ аватарлардың біріне қол тигізгенде,
  • 7:09 - 7:16
    миға микротактильді текстураға
    сәйкес электр белгісі келіп түседі де,
  • 7:16 - 7:20
    миға аватар қолы
  • 7:20 - 7:25
    неге тигенін хабарлайды.

  • 7:25 - 7:30
    Бар-жоғы төрт аптадан соң ми
    жаңа белгілерді өңдеуге үйреніп,
  • 7:30 - 7:36
    жаңа сенсорлық канал, — жаңа сезім
    деуге де болады, — жасайды.
  • 7:36 - 7:38
    Осылайша, ми еркіндікке шығады.
  • 7:38 - 7:43
    Енді ол аватарды басқару үшін
    қозғалыс командаларын жібере алады.
  • 7:43 - 7:48
    Аватардан келіп түсетін кері белгілерді
    ми терінің қатысуынсыз,
  • 7:48 - 7:50
    тікелей өңдейді.
  • 7:50 - 7:53
    Экранда тапсырманы көріп тұрсыз.
  • 7:53 - 7:57
    Жануар үш нысанға қол тигізіп, солардың
  • 7:57 - 8:01
    бірін таңдауға тиіс, өйткені ол
    солардың тек біреуі үшін ғана
  • 8:01 - 8:03
    сый ретінде апельсин шырынын ала алады.
  • 8:03 - 8:09
    Нысанды виртуалды қолдың өмірде жоқ
    жанасу түйсігіне сүйеніп таңдау қажет.
  • 8:09 - 8:11
    Жануарлар дәл осыны істейді.
  • 8:11 - 8:14
    Бұл – дененің физикалық шектелуі мен
  • 8:14 - 8:19
    қабылдау кезіндегі қозғалыс жүйкесінен
    мидың толық босануы.
  • 8:19 - 8:23
    Жануар нысандарға қатысты
    виртуалды проекцияны басқарады.
  • 8:23 - 8:28
    Және ол электр хабарын тура мида ала
    отырып, нысан текстурасын сезіне алады.
  • 8:28 - 8:32
    Ал ми болса, қай текстура сыймен
    байланысты екенін сараптайды.
  • 8:32 - 8:36
    Экранда көрсетілген жазулар
    маймылдарға көрінбейді.
  • 8:36 - 8:39
    Бәрібір олар ағылшынша
    оқи алмайды.
  • 8:39 - 8:44
    Жазулар ізделген нысанның тұрған
    орны өзгеретінін көрсетуге арналған.
  • 8:44 - 8:48
    Бірақ маймылдарға жанасу түйсігі бойынша
    оларды табудың,
  • 8:48 - 8:51
    басу мен таңдаудың реті бәрібір келеді.
  • 8:51 - 8:54
    Сондай маймылдың миын қарап көрейікші.
  • 8:54 - 8:57
    Жоғарыдағы —125 жасушадан тұратын блок,
  • 8:57 - 9:01
    ми белсенділігін көрсетеді:
  • 9:01 - 9:04
    джойстик көмегімен ойнаған жануар миындағы
  • 9:04 - 9:06
    нейрондар блогының электрлі дауылдары.
  • 9:06 - 9:08
    Бұл сурет әрбір нейрофизиологқа таныс.
  • 9:08 - 9:13
    Ми жасушалары қозғалыс туралы
    белгілерді бар ықтимал бағытқа жібереді.
  • 9:13 - 9:19
    Төмендегі суретте дене қозғалмағанда
    және жануар роботты немесе виртуалды
  • 9:19 - 9:25
    проекцияны басқарғанда не
    болатыны көрсетілген.
  • 9:25 - 9:28
    Біздің компьютерді қайта жүктегеніміздей,
  • 9:28 - 9:34
    ми белсенділігі жаңа
    сайманды жануар денесінің
  • 9:34 - 9:39
    табиғи жалғасындай
    қабылдауға жылдам ауысады.
  • 9:39 - 9:44
    Мидың бұған екпіндей бейімделетіні
    соншалықты, біз әрең өлшеп үлгереміз.
  • 9:44 - 9:48
    Бұл біздің өз-өзімізді сезінуіміз
    теріміздегі эпителийдің
  • 9:48 - 9:52
    соңғы қабатымен аяқталмайтынын дәлелдейді.
  • 9:52 - 9:58
    Бірақ ми көмегімен басқаратын сайман
    электрондарының соңғы қабатында аяқталады.
  • 9:58 - 10:02
    Скрипка, автокөлік, велосипед,
    футбол доптары, киім
  • 10:02 - 10:09
    заттардың бәрін «ми» атты тойымсыз,
    таңғажайып динамикалық жүйе сіңіріп алады.
  • 10:09 - 10:11
    Оның шегі бар ма?
  • 10:11 - 10:15
    Бірнеше жыл бұрын біз осыны анықтау
    үшін тәжірибе жүргіздік.
  • 10:15 - 10:18
    АҚШ-тың Шығыс жағалауындағы
    Дьюк университетіндегі
  • 10:18 - 10:20
    маймыл жүгіріс жолында жүгіріп,
  • 10:20 - 10:23
    қозғалысқа қажет ми дауылын туғызды.
  • 10:23 - 10:27
    Ал Жапониядағы Киото қаласында
    алдыңғы қатарлы телекоммуникациялық
  • 10:27 - 10:29
    халықаралық зерттеу институтының
    неврология
  • 10:29 - 10:35
    зертханасында адам примат миынан команда
    алуды өмір бойы армандаған,
  • 10:35 - 10:38
    адам тәрізді роботымыз болды.
  • 10:38 - 10:43
    Маймылдың қозғалысын
    басқарған ми белсенділігі
  • 10:43 - 10:47
    жапон роботына беріліп, ол жүретін болды.
  • 10:47 - 10:51
    Қозғалған роботтан алынған
    мәліметтер, маймыл жүрген роботтың
  • 10:51 - 10:56
    аяғын көре алуы үшін қайтадан
    Дьюк университетіне жіберілді.
  • 10:56 - 11:00
    Сөйтіп маймыл сыйды денесінің
    қозғалысы үшін емес,
  • 11:00 - 11:05
    басқа жарты шардағы роботтың дұрыс
    қозғалысы мен оны миының
  • 11:05 - 11:07
    басқарғаны үшін алды.
  • 11:07 - 11:15
    Таңқаларлығы сол, жер шарын
    айналған белгінің жолы - ми дауылы -
  • 11:15 - 11:19
    маймылдың миынан шығып,
    бұлшықетке жеткендегінен 20 миллисекунд
  • 11:19 - 11:23
    аз уақыт алды.
  • 11:23 - 11:29
    Маймыл өзінен 6 есе үлкен және әлемнің
    келесі қиырындағы роботты басқарды.
  • 11:29 - 11:35
    Бұл – роботты автономды жүргізе
    алған тәжірибелердің бірі.
  • 11:35 - 11:40
    CB1 роботы өз арманын Жапонияда
    жүзеге асырып жатыр,
  • 11:40 - 11:44
    оны приматтың миы басқарады.
  • 11:44 - 11:46
    Осының бәрі бізге не береді?
  • 11:46 - 11:48
    Бұл зерттеулердің бәрі, құлақтарымыздың
  • 11:48 - 11:54
    динамикалық әлемнің қасиеттерін тану
    бізге не үшін қажет?
  • 11:54 - 11:59
    Жинақталған білім мен
    технологияның көмегімен біз
  • 11:59 - 12:04
    бүгінгінің ең күрделі неврологиялық
    мәселелерінің бірін шешкіміз келеді.
  • 12:04 - 12:09
    Миллиондаған адам ми
    белгілерін қимылда, қозғалыста
  • 12:09 - 12:11
    тани білу қабілетінен айырылған.
  • 12:11 - 12:16
    Миы белгі туғызуды жалғастырып,
    қозғалысқа бұйрық бергенімен,
  • 12:16 - 12:21
    жұлынның зақымдалуынан пайда
    болған кедергіден өте алмайды.
  • 12:21 - 12:24
    Біз компьютер мен ми арасындағы
  • 12:24 - 12:28
    өзара әрекет интерфейсін пайдаланып,
    қозғалыс тілегі шифрленген ми белгілерін,
  • 12:28 - 12:32
    көлемді ми дауылдарын оқуға арналған
    айналма жол жасағымыз келеді.
  • 12:32 - 12:36
    Компьютерлік микроинженерияның көмегімен
    зақымдалған тіндерді айналып өтіп,
  • 12:36 - 12:43
    белгіні олардың жаңа денесі экзоскелетке,
    әлгіндей адамдарға,
  • 12:43 - 12:49
    арналған жаңа денеге айналатын
    роботталған костюмге бермекпіз.
  • 12:49 - 12:53
    Экранда «Қайта жүру» жобасының схемасы.
  • 12:53 - 12:57
    Коммерциялық емес «Walk Again Project»
    [ағылш. «Қайта жүру»] бірлестігі,
  • 12:57 - 13:00
    оған Еуропа, АҚШ және Бразилиия
  • 13:00 - 13:01
    ғалымдары кіреді,
  • 13:01 - 13:06
    олар осындай жаңа дене
    жасау үшін жұмыс істеуде.
  • 13:06 - 13:09
    Ол дене Аврора мен басқа
    маймылдардың компьютер мен ми арасында
  • 13:09 - 13:15
    сайманды пайдалануға мүмкіндік
    беретіндей, пластикмеханизмдер көмегімен
  • 13:15 - 13:21
    өзіміз жасап, күнделікті өмірде пайдаланар
    саймандарға бейімделуге мүмкіндік береді.
  • 13:21 - 13:24
    Біз осы механизм адамдардың
    олар жасағысы келген
  • 13:24 - 13:28
    қозғалыс туралы ойлап және
    ми белгілерін жаңа денеде
  • 13:28 - 13:31
    тауып қана қоймай, оны
    мимен басқарылатын
  • 13:31 - 13:38
    жаңа дене ретінде қабылдауға да
    мүмкіндік береді деп үміттенеміз.
  • 13:38 - 13:42
    Он жыл бұрын маған айтылғаны:
  • 13:42 - 13:47
    "бұл ешқашан болмайды,
    бұл еш мүмкін емес".
  • 13:47 - 13:49
    Бірақ ғалым ретінде
    менің айтарым біреу ғана.
  • 13:49 - 13:52
    Мен Бразилияның оңтүстік
    бөлігінде өстім.
  • 13:52 - 13:58
    60-жылдың ортасында мен ессіз балалардың
    айға қалай ұшатындарын айтқанын көрдім.
  • 13:58 - 13:59
    Жасым 5-те болатын,
  • 13:59 - 14:03
    тапсырманы орындау үшін НАСА неге
    капитан Кёрк пен Спокты
  • 14:03 - 14:06
    жібермегенін түсінбедім,
    олар бұл істе маман ғой!
  • 14:06 - 14:09
    Алайда, бала болғаныммен,
    мен бір нәрсені түсіндім.
  • 14:09 - 14:12
    Әжем айтқандай:
  • 14:12 - 14:14
    «Мүмкін емес — мүмкін,
  • 14:14 - 14:18
    тек оның орындалуы үшін әлі ешкім
    жеткілікті тер төкпеген».
  • 14:18 - 14:22
    Маған "адамды қайта жүргізу
    мүмкін емес" дейтін.
  • 14:22 - 14:25
    Ал мен әжемнің ақыл-кеңесіне сүйенемін.
  • 14:25 - 14:26
    Назарларыңызға рақмет!
  • 14:26 - 14:28
    ( Қол соғу)
Title:
Роботты миымен басқаратын маймыл
Speaker:
Мигель Николесис
Description:

Біздің миымыз тікелей, дененің көмегінсіз роботтарды басқара ала ма? Мигель Николелис АҚШ-тағы зерек маймылдың өз виртуалды проекциясын және Жапониядағы роботты – тек ой күшімен ғана басқаруды үйренген үздік тәжірибесі туралы әңгімелейді. Бұл зерттеу тетраплегиядан (қол-аяқтың бәрінің бірдей салдануы) зардап шегетін адамдар үшін, бәлкім, бәріміз үшін де маңызы өте зор ( TEDMED 2012 түсірілген)

more » « less
Video Language:
English
Team:
closed TED
Project:
TEDTalks
Duration:
14:55
Asqat Yerkimbay approved Kazakh subtitles for A monkey that controls a robot with its thoughts. No, really. Mar 11, 2017, 12:06 PM
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for A monkey that controls a robot with its thoughts. No, really. Mar 11, 2017, 12:06 PM
Baubek Sagyndyk accepted Kazakh subtitles for A monkey that controls a robot with its thoughts. No, really. Feb 11, 2017, 12:27 PM
Baubek Sagyndyk edited Kazakh subtitles for A monkey that controls a robot with its thoughts. No, really. Feb 11, 2017, 12:27 PM
Madina Kinayatova edited Kazakh subtitles for A monkey that controls a robot with its thoughts. No, really. Dec 19, 2016, 1:23 PM
Madina Kinayatova edited Kazakh subtitles for A monkey that controls a robot with its thoughts. No, really. Dec 19, 2016, 12:52 PM
Madina Kinayatova edited Kazakh subtitles for A monkey that controls a robot with its thoughts. No, really. Dec 19, 2016, 11:58 AM
Madina Kinayatova edited Kazakh subtitles for A monkey that controls a robot with its thoughts. No, really. Dec 19, 2016, 11:18 AM
Show all

Kazakh subtitles

Revisions