< Return to Video

Болашақ оқушыларды ынталандыратын оқыту әдістері |Джои Руль|TEDxLafayette

  • 0:12 - 0:15
    Менің жұмысым – әлемдегі ең керемет
    жұмыстардың бірі
  • 0:15 - 0:18
    себебі мен жігерлі, жасампаз және зерек
  • 0:18 - 0:21
    адамдармен жұмыс жасаймын.
  • 0:22 - 0:25
    Олардың жастары 14 пен 18
    арасында.
  • 0:25 - 0:29
    Менің ойымша, оқушылар арасында
    өзіңді жас сезінесің.
  • 0:29 - 0:33
    Сондықтан да мүмкін үлкендердің арасында
  • 0:33 - 0:35
    өзімді қалай ұстайтынымды білмеймін.
  • 0:35 - 0:37
    Мені кешірерсіздер.
  • 0:37 - 0:41
    Болашақ оқушыларды жігерлендіру үшін
  • 0:42 - 0:44
    ең тиімді әдіс қандай?
  • 0:45 - 0:50
    37 жыл мұғалім болып, сабақта екі нәрсе
    қолдану керек екенін түсіндім.
  • 0:51 - 0:55
    Олар: зерттеу жұмысына негізделген
    оқыту техникалары мен қарым-қатынас.
  • 0:56 - 0:59
    Қарым-қатынастың маңызы зор.
    Бірақ ол жайлы кейінірек әңгімелейміз.
  • 0:59 - 1:02
    Ең алдымен техникаларға назарларыңызды
    аударғым келеді.
  • 1:03 - 1:07
    Оқушы кезімізде мұғалім
    сабақтың ең маңызды бөлігі болатын.
  • 1:07 - 1:10
    Бұл нәрсе бізге жастайымыздан таныс.
  • 1:10 - 1:14
    Бұрын мұғалім ортада тұрып,
    сабақ түсіндірсе,
  • 1:14 - 1:18
    ал оқушылар өз орындарында
    тыныш қана отырып,
  • 1:18 - 1:22
    тыңдаулары керек болатын.
  • 1:22 - 1:25
    Кейін мұғалім оқушылардың ойында
  • 1:25 - 1:28
    сабақ қаншалықты
    есте қалғанын тексеру үшін тест алады.
  • 1:28 - 1:32
    Мен лекция оқығанды жақсы көремін.
  • 1:32 - 1:35
    Алайда оқушыларым онша ұната бермейді.
  • 1:35 - 1:38
    Олар дәрісімнен кейін бірден
    шабыттанып кетпейді.
  • 1:39 - 1:42
    Оларға не қызық екен деп ойландым.
  • 1:43 - 1:46
    Бірнеше жыл бұрын мектептегі
  • 1:46 - 1:48
    түскі ас кезінде кезекші болатынмын.
  • 1:49 - 1:52
    Оқушылар кезек бойынша
    тамақ алғандарын қадағалайтынмын.
  • 1:52 - 1:54
    Солай оқушыларды қадағалап тұрғанымда,
  • 1:54 - 1:57
    олар таңдау берілгенді
    жақсы көретінін түсіндім.
  • 1:58 - 2:02
    Содан кейін оларға сыныпта таңдау берсек,
    оқушылардың оқуға ынтасын
  • 2:03 - 2:05
    оятармын деген тұжырымға келдім.
  • 2:05 - 2:06
    Оқушыларға таңдау берілсін.
  • 2:06 - 2:08
    Менің сабағымда ең алдымен
  • 2:08 - 2:12
    оқушыларға көбірек таңдау берілетін болды.
    Әрі олардың бірлесіп жұмыс
  • 2:12 - 2:14
    жасауларын, сыни ойлау мен жасампаздық
  • 2:15 - 2:20
    қабілеттерін дамытуларына
    көңіл бөлетінбіз.
  • 2:21 - 2:25
    Негізінде, бұдан он жыл бұрын
    Білім беру қауымдастығы
  • 2:25 - 2:29
    осы қабілеттерді 21-ші ғасырдың балалары
  • 2:29 - 2:33
    үйрену керек деген үкім шығарды.
  • 2:33 - 2:35
    Мен бұған толықтай келісемін.
  • 2:35 - 2:38
    Бірақ өзім тағы таңдауды қостым.
  • 2:38 - 2:40
    Оқушыларға сыныпта
  • 2:40 - 2:43
    таңдау берілу қажет.
  • 2:44 - 2:46
    Таңдау деп оқушылардың әрқайсысына
  • 2:46 - 2:50
    түсінікті келетін неше түрлі сабақ
  • 2:50 - 2:54
    үйрету әдістерін қолдануды меңзеймін.
  • 2:55 - 3:00
    Кафеде тамақты таңдағанды қалай жақсы
    көрсе, сыныпта да таңдау бергенді ұнатады.
  • 3:01 - 3:02
    Біз осылай сабақ беру
  • 3:02 - 3:07
    керек екенін түсіндік.
  • 3:09 - 3:15
    Біздің ата-бабаларымыз тамақ іздеген
    заманды көз алдымызға елестетсек.
  • 3:15 - 3:19
    Мамонтты ұстап алу үшін
  • 3:19 - 3:22
    сыни ойлау мен мәселе шешу қабілеттері
    қажет болғанын білмейсіз бе?
  • 3:22 - 3:26
    Аңды бірлесіп аулау
    тиімдірек екенін білген.
  • 3:26 - 3:29
    Жалғыз өзіңіз бұны жасағыңыз
    келмес еді.
  • 3:29 - 3:30
    Жо-жоқ.
  • 3:30 - 3:33
    Бірігу үшін адамдар өзара
    араласулары қажет болған.
  • 3:34 - 3:38
    Енді осы адамдарды от алдында жиналып
    күндізгі болғанын
  • 3:39 - 3:41
    айтып отырған сәтін елестетіңіз.
  • 3:41 - 3:44
    Әңгіме айтып жатқанда
  • 3:44 - 3:47
    бәрінің көңілдерінде қуаныш сезіледі.
  • 3:47 - 3:49
    Үңгір қабырғаларына суреттер
  • 3:49 - 3:51
    үлкен қуанышпен салынғанына
  • 3:52 - 3:56
    сенемін, себебі жасампаздық
    адамның көңілін көтереді
  • 3:57 - 3:59
    және тек адамға тән қабілет.
  • 4:00 - 4:03
    Сол үшін біздің миымызда
    осы маңызды
  • 4:04 - 4:06
    қабілеттер сақталған.
  • 4:06 - 4:08
    Оқушылардың тек сабақ оқымай,
  • 4:08 - 4:11
    сыныпта осы бес маңызды қабілеттерді
  • 4:11 - 4:12
    дамытуға көңіл бөлінсе,
  • 4:13 - 4:17
    оқушылар шынымен сабаққа
  • 4:17 - 4:20
    қызығушылықпен қарап, тіпті
    сабақтан шабыт ала бастайды.
  • 4:21 - 4:23
    Ол үшін ең бастысы
  • 4:25 - 4:29
    сабақта оқушының центрде болуы маңызды.
  • 4:30 - 4:35
    Центрден мұғалімді алып тастап,
    оқушыларды ортаға қою керек,
  • 4:35 - 4:39
    Сол себептен мұғалім
    өзін ортадан алып тастап,
  • 4:39 - 4:44
    оқушылардың мүдделері ортаға қойылу керек.
  • 4:45 - 4:47
    Бұндай тәсіл мұғалімдікте
  • 4:48 - 4:50
    жаңа жол ашады.
  • 4:50 - 4:52
    Біз менторлық
  • 4:52 - 4:53
    және бапкерлік жұмыстарын да атқарамыз.
  • 4:53 - 4:56
    Мұғалім оқушының ынтасын арттыра алады.
  • 4:56 - 4:58
    Сол үшін мұғалімдікті қатты жақсы көремін.
  • 5:01 - 5:02
    Уақыт аз қалды.
  • 5:02 - 5:06
    Бұның бәрі өз ойымнан
  • 5:06 - 5:08
    шығарып алған идеялар емес.
  • 5:08 - 5:10
    Плутархты білесіздер ғой.
  • 5:11 - 5:13
    Ол кісі былай деген:
  • 5:13 - 5:15
    Адамның миы толтыруды қажет
    ететін ыдыс емес,
  • 5:15 - 5:18
    керісінше жағатын
    ағаш ретінде қарау керек.
  • 5:18 - 5:20
    Алберт Эйнштейн де:
    "Білім алу тек фактілерді
  • 5:20 - 5:25
    үйрену емес, адамның
    ойлау қабілетін дамыту" деп атап өткен.
  • 5:26 - 5:28
    Жарайды. Шамалы шыдай тұрыңыздар.
  • 5:28 - 5:31
    Қызық нәрсе айтамын.
  • 5:32 - 5:35
    Өмірімнің ең тамаша сәттерінің бірі
  • 5:36 - 5:40
    Алберт Эйнштейнді кездестіру еді.
  • 5:40 - 5:42
    Бірнеше жыл бұрын.
  • 5:42 - 5:43
    (Күлкі).
  • 5:43 - 5:45
    Мұражайда оның балауыз түрін
  • 5:45 - 5:48
    кездестіргеннен кейін өмірім өзгерді.
  • 5:48 - 5:49
    (Күлкі).
  • 5:49 - 5:50
    Қандай тамаша сәт еді.
  • 5:50 - 5:53
    Монтессори, Пиаже және 1960 жылы
  • 5:54 - 5:56
    Пурду Университетінде биологиядан берген
  • 5:57 - 6:00
    профессор Сэм Послуейт
  • 6:00 - 6:02
    сияқты адамдардың арқасында
  • 6:02 - 6:04
    осындай дәрежеге жетіп отырмын.
  • 6:04 - 6:07
    Мен Пурдудағы Биология бөлімін бітірдім.
  • 6:07 - 6:09
    Сол жерде биологияға ғашық болдым.
  • 6:09 - 6:11
    Том Уаттс пен Стив Рандак 1970
  • 6:11 - 6:13
    жылдары биология сабағында
  • 6:13 - 6:18
    осы әдістерді қолданғандықтан,
    биолог ретінде көп нәрсе үйрендім.
  • 6:18 - 6:23
    Бастауыш мектеп мұғалімдердің және
  • 6:23 - 6:25
    арнайы дайындайтын мұғалімдердің
  • 6:25 - 6:29
    арқасында өзім де мұғалім болдым.
  • 6:30 - 6:35
    Сонымен, бірігіп жұмыс істеу, араласу,
    сыни ойлау, жасампаздық
  • 6:35 - 6:36
    және оқушы таңдауы,
  • 6:37 - 6:39
    бұлар қалай іске асады?
  • 6:39 - 6:43
    Оқушыларыма қолданған тәсілдеріммен
    бөлісейін. 9-сынып биологиясының
  • 6:44 - 6:46
    жылдық кестесіне үш апталық
  • 6:46 - 6:49
    тақырыптар белгіледім.
  • 6:50 - 6:51
    Жаңа тақырып өтпес бұрын
  • 6:51 - 6:53
    оқушыларға мәзір беріледі.
  • 6:53 - 6:58
    Мәзір ішінен әр түрлі
    тапсырмаларды таңдай алады.
  • 6:58 - 6:59
    Бұл біраз қиындау болды.
  • 6:59 - 7:02
    Себебі бүкіл тапсырмаларды
    жазуым керек еді.
  • 7:03 - 7:07
    Сол кезде өздерінің
    үйрену стильдеріне қарай
  • 7:07 - 7:09
    тапсырмаларды таңдайды
  • 7:09 - 7:12
    және өздері таңдаған
    ретімен орындау керек болса да,
  • 7:12 - 7:17
    тақырыпты бітіру үшін
    олардың барлығын бітіруге тырысады.
  • 7:17 - 7:19
    Сабақ қиын да қызық өтетін.
  • 7:20 - 7:21
    Бірақ балаларға ұнады.
  • 7:22 - 7:23
    Оқушылар таңдау жасағанды жақсы көреді.
  • 7:23 - 7:27
    Кейде сыныпта менің бар
    екенімді ұмытып кетеді.
  • 7:27 - 7:29
    Бұл – өте дұрыс.
  • 7:32 - 7:35
    Сабақта бір ғана нәрсе
    жасау міндетті емеспін.
  • 7:35 - 7:39
    Негізінде тақырып біткен кезде екі нәрсені
  • 7:39 - 7:41
    жасау міндетті емеспін: тест алу
  • 7:41 - 7:44
    және компьютермен үйрету.
  • 7:44 - 7:46
    Бірнеше жаз әркім
    өзі үйрене алатын
  • 7:47 - 7:52
    интерактивті сабақтарды
  • 7:52 - 7:54
    компьютерде жасадым.
  • 7:54 - 7:58
    Менің дәрістерімді
    компьютерден көре алады,
  • 7:59 - 8:01
    Оқушылар жеке келіп
  • 8:01 - 8:04
    "Дәрістеріңізге қарағанда, видео
    сабақтарыңыз ұнайды", –деді.
  • 8:04 - 8:06
    Бұл да дұрыс нәрсе.
  • 8:06 - 8:08
    Әбден дұрыс.
  • 8:08 - 8:10
    Себебі ең бастысы олардың үйренулері.
  • 8:10 - 8:13
    Сіз менің сабағыма келетін болсаңыз,
  • 8:13 - 8:16
    видео сабақтарды қарап
  • 8:17 - 8:21
    отырғандарын көресіз.
  • 8:22 - 8:26
    Сайттағы тапсырмаларды
  • 8:26 - 8:28
    орындап отырады. Құлаққап киіп,
    тақырыпқа қатысты
  • 8:28 - 8:31
    видео қарап, сабақтағы
    сұрақтарға жауаптарын іздеумен болады.
  • 8:33 - 8:38
    Зертхана тапсырмаларымен айналасып жататын
    оқушылар да бар.
  • 8:39 - 8:40
    Кейбір оқушылар ғылыми жобаларымен
  • 8:40 - 8:44
    жұмыс жасап отырады.
  • 8:44 - 8:45
    Сыныптың бір бұрышында
  • 8:45 - 8:49
    топ оқушылар белгілі бір биологиялық
  • 8:49 - 8:52
    феноменді түсіну үшін
    ойын ойнап жатқандарын
  • 8:52 - 8:55
    көре аласыз.
  • 8:56 - 8:57
    Кейбір оқушылар
  • 8:57 - 9:00
    әртүрлі биологиялық феномендерді
  • 9:01 - 9:04
    үйрену үшін тәжірибе жасайды.
  • 9:04 - 9:07
    Кейбіреулері бақылау дәптерлеріндегі
  • 9:07 - 9:09
    тапсырмаларды орындап отырады.
  • 9:09 - 9:12
    Дәптердегі тапсырмаларды
    орындау арқылы оқушылар
  • 9:12 - 9:14
    өз қабілеттерін тексере алады,
  • 9:14 - 9:18
    бұрын үйренгендерін жаңа тақырыппен
    байланыстырады.
  • 9:19 - 9:23
    Мәзірде балаларға қатты ұнайтын
    тапсырма бар:
  • 9:23 - 9:25
    өнер және сауық деп аталады.
  • 9:25 - 9:28
    Ол әр тақырыптың мәзірінде болады.
  • 9:28 - 9:33
    Бұл тапсырмаға келгенде, оқушылар сабақта
    үйренген тақырыпты таңдап,
  • 9:33 - 9:37
    үйлерінде соған қатысты мәлімет жинап,
    слайд дайындайды.
  • 9:37 - 9:39
    Әрі жаңа тақырыпқа көшер алдында
  • 9:39 - 9:41
    бір сабақ бойы
    жұмыстарын сыныпта қорғайды.
  • 9:41 - 9:43
    Өнер және ойын-сауық
  • 9:43 - 9:45
    өзгеше өту керек.
  • 9:46 - 9:48
    Олар өздерінің ойлау
    қабілеттеріне шектеу қояды.
  • 9:48 - 9:50
    Алайда оқушылар сыныпта түсінгендерін
  • 9:50 - 9:52
    ән айту, көрініс қою арқылы
  • 9:52 - 9:53
    кино көрсету,
  • 9:54 - 9:56
    өздері жасаған үлгілерді көрсетеді.
  • 9:56 - 9:57
    Өлең де арнайды.
  • 9:57 - 10:00
    Олар тақырыптан не үйренгенін осылайша
  • 10:00 - 10:02
    айтып бере алады.
  • 10:02 - 10:06
    Мысалы, мына екі бикеш
    биохимия тақырыбын өткенде,
  • 10:06 - 10:10
    атомдардың пішінін
  • 10:10 - 10:13
    сағыз арқылы көрсетті.
  • 10:13 - 10:17
    Бұл екі бикеш: апалы-сіңілілер.
  • 10:17 - 10:21
    Гендерінің жартысын анасынан
    және жартысын әкелерінен
  • 10:21 - 10:26
    алғандарын ерекше үлгіде көрсеткісі
  • 10:26 - 10:28
    келді.
  • 10:28 - 10:30
    (Күлкі).
  • 10:30 - 10:31
    Оларға бауыр басып қалдым.
  • 10:32 - 10:36
    37 жылғы мұғалімдік тәжірибеме қарап,
  • 10:36 - 10:38
    сабақ беруде осы әдіс маған тиімді
  • 10:38 - 10:41
    көрінеді, Сабағым әрі қызық өтеді.
  • 10:41 - 10:45
    Оқушылар топ-топ болып
  • 10:46 - 10:50
    отырғандары өзіме ыңғайлы.
    Себебі әрқайсысына көңіл бөле аламын.
  • 10:50 - 10:52
    Екі немесе үш, төрт, бес оқушының
  • 10:52 - 10:55
    әрбір қойған сұрақтарына
  • 10:55 - 10:58
    жауап бере аламын.
  • 10:59 - 11:04
    Бұл әдіс арқылы барлық оқушылардың
    ойларын тыңдай аламын.
  • 11:05 - 11:08
    Мұғалімдер, егер осы әдісті қолдансаңыз,
  • 11:09 - 11:10
    өзіңізді мұғалім парадоксы
  • 11:12 - 11:15
    деген қызық жағдайда тап боласыз.
  • 11:16 - 11:19
    Себебі өзіңізді центрден алып тастағанда,
  • 11:19 - 11:22
    өзіңіз керек емес көрінуіңіз мүмкін.
  • 11:22 - 11:24
    бірақ шынында
  • 11:24 - 11:28
    сіздің керектігіңіз
    көбірек сезіле бастайды.
  • 11:28 - 11:30
    Өйткені, сіз шетте жай ғана
    гидтің рөлін атқарып,
  • 11:30 - 11:36
    көптеген сабақ беру әдістерін
    қолдана аласыз.
  • 11:36 - 11:39
    37 жыл бойы пайдаланған әдістерім
  • 11:39 - 11:41
    ертеден бері қолданылып келеді.
  • 11:42 - 11:46
    Дегенмен әдістердің ескі болғаны
    маңызды емес.
  • 11:46 - 11:49
    Ең бастысы
  • 11:49 - 11:51
    осы жұмысқа бар махаббатыңызды арнаңыз.
  • 11:51 - 11:56
    Біріншіден, мұғалім өз пәнін
    жақсы көру керек
  • 11:57 - 12:01
    және екіншіден, оқушыларын
    жақсы көру керек.
  • 12:01 - 12:03
    Алдымен махаббат жайлы айта кетейік.
  • 12:03 - 12:06
    Үшінші сыныбымнан не есте
    қалды деп ойлайсыз?
  • 12:07 - 12:09
    Автобуста отырған Дженни.
  • 12:09 - 12:10
    Әзіл емес.
  • 12:11 - 12:12
    Үшінші сынып.
  • 12:12 - 12:16
    Үшінші сыныпта біздің
  • 12:17 - 12:22
    мұғалім түскі астан кейін
  • 12:22 - 12:25
    10-15 минут кітап сағатын жасайтын еді.
  • 12:26 - 12:30
    Бізге Том Сойерді оқып беретін.
  • 12:31 - 12:33
    Кітап сондай қызық еді!
  • 12:35 - 12:37
    Теледидарымыз бар еді.
  • 12:37 - 12:38
    Мультфильм көрсететін.
  • 12:38 - 12:40
    Бірақ біз көрмейтінбіз
  • 12:41 - 12:44
    Мисс Хершей кітап оқығанды және
  • 12:44 - 12:47
    бізге оқығанды жақсы көретін.
  • 12:47 - 12:50
    Том Сойер! Сондай қызық кітап!
  • 12:51 - 12:53
    Соңғы он минутында
  • 12:53 - 12:55
    Том мен оның достарына не болатынын
  • 12:55 - 12:58
    тезірек білу үшін келесі
    күнді асыға күтетінмін.
  • 12:59 - 13:02
    Мисс Хершей бұны байқады ма білмеймін.
  • 13:02 - 13:04
    Баяғыда оған хат жіберуім керек еді.
  • 13:06 - 13:08
    Оның арқасында кітап оқығанды ұнаттым.
  • 13:10 - 13:15
    Ол кісі белгілі бір стандарт бар деп,
  • 13:16 - 13:21
    тек үкімет талап ететін стандарпен жүрмей,
  • 13:22 - 13:25
    өз еркімен сабақ үйретті.
  • 13:25 - 13:27
    Бұндай кісіні ешқашан да ұмытпаспын.
  • 13:28 - 13:29
    Маған әлемді танытты.
  • 13:29 - 13:32
    Баяғыда оған хат жіберуім керек еді.
  • 13:34 - 13:36
    Енді екінші махаббат.
  • 13:36 - 13:38
    Мұғалімнің оқушыларға деген махаббаты.
  • 13:39 - 13:42
    Арамызда мұғалімдер болса, қорықпаңыздар.
  • 13:42 - 13:46
    Оқушыларды құшағыңызға алуды сұрамаймын.
  • 13:47 - 13:54
    Өзіңізден бұрын, оқушыларды
    бірінші ойласаңыз, оқушылардың
  • 13:54 - 13:56
    оқуға ынтасы көбейеді.
  • 13:56 - 13:58
    Сабағыңыздан шабыт алады.
  • 13:59 - 14:01
    Луюис өзінің "Tөрт махаббат"
    деген кітабында
  • 14:01 - 14:05
    жазған махаббат түрі жайлы айтып отырмын.
  • 14:05 - 14:10
    Ол махаббаттың ең жоғарғы
  • 14:10 - 14:13
    дәрежесі туралы жазады.
  • 14:13 - 14:17
    Бұл кезде сіз өзгелердің бақыты үшін
  • 14:19 - 14:22
    өмір сүретін боласыз.
    Сезім көрсету шарт емес
  • 14:23 - 14:26
    алайда осылай жақсы көру
    сіздің өз еркіңізде.
  • 14:26 - 14:28
    Сонымен, мұғалімдер, тамаша жаңалық.
  • 14:29 - 14:32
    Егер осылайша жақсы көрсеңіз,
    оқушыларға үнемі махаббатыңыз
  • 14:32 - 14:34
    оянады. Бұл мүмкін бе?
  • 14:34 - 14:37
    Әрине, себебі бұл жерде өз еркіңізбен
  • 14:37 - 14:39
    оқушыларды жақсы көріп тұрсыз.
  • 14:39 - 14:44
    Осылайша оларды жігерлендіресіз.
  • 14:45 - 14:47
    Бұл әдіс өте ертеден бері
  • 14:49 - 14:50
    қолданылып келеді.
  • 14:54 - 14:57
    Сондықтан мұғалімдер,
    Сабақ жоспарының болу маңызды.
  • 14:59 - 15:04
    Жоспар бойынша жүру де маңызды.
  • 15:09 - 15:12
    Сабақта заманауи технологияларды да
    қолдану керек.
  • 15:15 - 15:16
    Бәрі маңызды.
  • 15:16 - 15:19
    Бірақ, өтініш, бұл нәрселер
  • 15:21 - 15:23
    жасампаздық қабілеттеріңізді шектемесін.
  • 15:24 - 15:27
    Бәрібір де ең соңында сіз олардың
  • 15:29 - 15:30
    естерінде қаласыз.
  • 15:32 - 15:34
    Соңғы алтыншы маңызды нәрсені ұмытпаңыз.
  • 15:34 - 15:35
    Сүйіспеншілік, махаббат.
  • 15:35 - 15:41
    Осылайша сіз олардың көңілін аулап,
  • 15:41 - 15:44
    жігерлендіре аласыз.
  • 15:46 - 15:52
    Олардан үйірмелері жайлы,
    немесе жұмыстары қалай
  • 15:52 - 15:55
    жүріп жатқанын сұрасаңыз,
    олардың естерінде көбірек қаласыз.
  • 15:55 - 15:57
    Олардан жай ғана
    жағдайларын сұрасаңыз,
  • 15:57 - 16:00
    сізді ұмытпайтын болады.
  • 16:00 - 16:04
    Олардың естерінде
  • 16:04 - 16:06
    тоқсан басында аттарын жаттап
  • 16:06 - 16:09
    алу үшін қалай ұзақ қиналғаныңыз қалады.
  • 16:09 - 16:12
    Сіз олардың концерттері мен
    спорт жарыстарына
  • 16:13 - 16:14
    барсаңыз,
  • 16:14 - 16:16
    оқушылар сізді ұмытпайды.
  • 16:16 - 16:18
    "Туған күніңмен!" деп құттықтағанда,
  • 16:18 - 16:20
    сенің даусың қатты естілген үшін
  • 16:20 - 16:22
    олардың естерінде қаласың.
  • 16:22 - 16:26
    Олар газет шығарғанда,
  • 16:27 - 16:31
    газетті қабырғаға іліп,
  • 16:31 - 16:34
    қолдарын қойғызып,
  • 16:34 - 16:37
    атақты болғандарында, олардың
    автографтары қымбат бағаланса,
  • 16:38 - 16:40
    зейнетке шыққанда автограф сатып
  • 16:40 - 16:43
    көп пайда табамын деп әзілдесеңіз,
  • 16:43 - 16:45
    оқушылар сізді ұзақ еске алады.
  • 16:45 - 16:46
    (Күлкі).
  • 16:47 - 16:50
    Оларда мұғалімнің шынайылығы
  • 16:50 - 16:52
    есте қалады.
  • 16:52 - 16:54
    Өз-өзіңе күле алғаның үшін,
  • 16:54 - 16:56
    олармен бірге де
  • 17:01 - 17:04
    күле алғаның үшін
    оқушылардың есінде қаласың.
  • 17:04 - 17:06
    Шындығында не маңызды?
  • 17:06 - 17:08
    Қалайша шабыттандырамыз?
  • 17:08 - 17:13
    Қалайша жігерлендіреміз?
  • 17:13 - 17:15
    Оқушыларға сыныпта
    жетілулеріне жол беріңіз.
  • 17:16 - 17:18
    Олар өзара араласу арқылы
  • 17:18 - 17:21
    сыни ойлау және жасампаздық
  • 17:22 - 17:24
    қабілеттерін дамытады.
  • 17:25 - 17:27
    Бірақ алтыншысын
    естеріңізде сақтаңыздар.
  • 17:28 - 17:31
    Ең маңыздысы – махаббат.
  • 17:31 - 17:32
    Рақмет.
  • 17:32 - 17:35
    (Қол шапалақтау)
Title:
Болашақ оқушыларды ынталандыратын оқыту әдістері |Джои Руль|TEDxLafayette
Description:

Жігерлендіруші ұстаз Джоуи Рульдің бұл әңгімесі оқыту мен үйрену процестеріндегі ең керек қабілеттер жайлы болмақ. Бірлестік, коммуникация, сыни ойлау және жасампаздық қасиеттер іске қосылу қажет. Оған қоса оқушыларға таңдау беру және мейірбан болуға шақырады. Ол осындай қасиеттерді биология сабағында қалай қолданғаны және қанша жыл өтсе де оқушылардың ойында ең басты қалатын нәрселер жайлы айтпақшы.
Джоуи Руль 37 жыл бойы биологиядан сабақ беріп келеді. Қазіргі таңда ол Индиана штатындағы Лафайетте қаласының Джефферсон мектебінде биология, генетика және ғылыми зерттеу жұмыстарынан сабақ береді.

more » « less
Video Language:
English
Team:
closed TED
Project:
TEDxTalks
Duration:
17:42

Kazakh subtitles

Revisions