Ауған әйелдерін оқытудағы қиындықтар
-
0:01 - 0:0211 жасымда
-
0:02 - 0:07үйімдегі қуанышты дауыстан
таңертең оянғаным әлі есімде. -
0:07 - 0:09Әкем кішкентай,
сұр радиосынан -
0:09 - 0:14BBC жаңалықтарын
тыңдайтын. -
0:14 - 0:16Оны жүзінде сол кезде әдеттен тыс
-
0:16 - 0:20қуаныш бар еді.
-
0:20 - 0:25Әкем: «Талибандар кетті!» - деп
айқайлап жіберді. -
0:25 - 0:28Мұның не екенін түсінбесем де,
-
0:28 - 0:33әкемнің бақытты жүзін көрдім.
-
0:33 - 0:42Ол: «Енді сен мектепке бара аласың»
- деді. -
0:42 - 0:47Сол күнгі таңғы мезгілді ешқашан
ұмытпаймын. -
0:47 - 0:52Кәдімгі шын мектеп.
-
0:52 - 0:55Талибандар Ауғанстанды басып алып,
-
0:55 - 0:59қыздарға мектепке баруға тыйым салған
уақытта алты жаста едім. -
0:59 - 1:02Одан кейінгі бес жылда
әпкемді мектепке апару үшін -
1:02 - 1:04ұл болып киініп жүрдім.
-
1:04 - 1:10Елден құпия мектепке баратынбыз.
-
1:10 - 1:14Тек осылай ғана біз екеуміз де
білім ала алатын едік. -
1:14 - 1:17Біз күнде жүретін жолымызды
-
1:17 - 1:22өзгелер біліп қоймасын
деп өзгертіп отырдық. -
1:22 - 1:24Кітаптарымызды азық-түлік
сөмкесіне салдық, -
1:24 - 1:30сонда жай ғана дүкенге шыққан сияқты
болып көрінетінбіз. -
1:30 - 1:32Мектеп үйдің ішінде болатын,
-
1:32 - 1:38100-ден аса адам кішкентай бір бөлмеде
отыратынбыз. -
1:38 - 1:44Қыста бұл ыңғайлы еді, ал жазда шыдау
мүмкін болмайтын. -
1:44 - 1:46Біз, ұстаздарымыз, ата-аналарымыз –
-
1:46 - 1:51бәріміз де өмірімізді тәуекелге тігіп
отырғанымызды білдік. -
1:51 - 1:53Кей кезде Талибандардың күдіктенуінен,
-
1:53 - 1:57сабақ болмай қалатын.
-
1:57 - 2:00Біз туралы біле ме екен
деп уайымдайтынбыз. -
2:00 - 2:03Бізді аңдып жүр ме?
-
2:03 - 2:06Біздің қайда тұратынымызды біле ме?
-
2:06 - 2:09Біз қорықтық,
-
2:09 - 2:16бірақ, сонда да мектепке барғымыз келетін.
-
2:16 - 2:20Білімді құрметтейтін,
-
2:20 - 2:26ал қыздарына қазынадай қарайтын отбасында
туғаныма бақыттымын. -
2:26 - 2:31Менің атам өз заманының
ерекше адамы болатын. -
2:31 - 2:34Ауғанстанның шалғай ауылынан шыққан
абсолютті авантюрист, -
2:34 - 2:38ол қызының, яғни анамның сабаққа баруын
талап етемін деп, -
2:38 - 2:44өз әкесінің қарсылығына тап болған адам.
-
2:44 - 2:48Осылайша менің білімді анам ұстаз болды.
-
2:48 - 2:51Міне, ол суретте.
-
2:51 - 2:54Ол 2 жыл бұрын жұмыстан шығып,
-
2:54 - 2:59үйімізді көрші қыздар мен әйелдерді оқыту
үшін мектепке айналдырды. -
2:59 - 3:03Менің әкем — міне ол —
-
3:03 - 3:10отбасындағы бірінші болып білім алған
адам. -
3:10 - 3:12Оның алдында қыздарды қоса алғанда,
-
3:12 - 3:17балалары білім ала ма деген сұрақ
туған емес, -
3:17 - 3:22Талибандардың қоқан-лоққысына қарамай,
тәуекелге бел буып мектепке берген. -
3:22 - 3:30Ол үшін балалары білім алмаса,
сол қорқыныш болар еді. -
3:30 - 3:33Талибандар басқарған жылдары
-
3:33 - 3:38өмірден көңілімнің қалғаны соншалық,
үнемі қорқынышта болып, -
3:38 - 3:42өз болашағымды мүлде елестете алмайтын
кездер әлі есімде. -
3:42 - 3:45Мен бәрін де тастағым келетін
-
3:45 - 3:49бірақ, әкем
-
3:49 - 3:51былай дейтін:
-
3:51 - 3:53«Мені тыңда, қызым,
-
3:53 - 3:56сен өміріңдегі бардың бәрін жоғалтуың
мүмкін. -
3:56 - 4:01Ақшаңды ұрлауы мүмкін, соғыс кезінде
үйіңді де тастауға тура келеді, -
4:01 - 4:03бірақ бір нәрсе өзіңмен қалады,
-
4:03 - 4:07ол сенің басыңдағы нәрсе,
-
4:07 - 4:12егер де сенің білім алуың үшін,
бізге қан сатуға тура келсе, -
4:12 - 4:15біз оған да дайынбыз.
-
4:15 - 4:20Сенің әлі де білім алғың келмей ме?»
-
4:20 - 4:23Қазір менің жасым 22-де.
-
4:23 - 4:26Мен ондаған жылға созылған соғыстың
-
4:26 - 4:29әсерінен қираған елде өстім.
-
4:29 - 4:34Менің жасымдағы әйелдердің 6%-дан
азы ғана мектепті бітірді, -
4:34 - 4:37егер де менің де отбасымда
білім бағаланбаса, -
4:37 - 4:39мен де солардың қатарында болар едім.
-
4:39 - 4:45Бірақ, осында тұрғаныма және Миддлбери
колледжін бітіргенім үшін қуанамын. -
4:45 - 4:55(Қол соғу)
-
4:55 - 4:58Ауғанстанға қайта келгенімде,
-
4:58 - 5:02қыздарына білім беремін дегені үшін,
үй іші теріс айналған атам, -
5:02 - 5:06мені құттықтағандардың алғашқысы болды.
-
5:06 - 5:08Ол тек қана менің білім алғаным
үшін ғана емес, -
5:08 - 5:10сонымен қатар Кабул көшелері бойымен
-
5:10 - 5:12оны машинамен алып жүрген,
-
5:12 - 5:16иә машина айдаған ең алғашқы әйел
болғаным үшін де мақтанды. -
5:16 - 5:21(Қол соғу)
-
5:21 - 5:24Отбасым маған сенеді.
-
5:24 - 5:29Көп нәрсені армандаймын, бірақ
отбасым мен үшін үлкен нәрселерді тілейді. -
5:29 - 5:33Міне, сондықтан да әйелдерді оқытуға
бағытталған халықаралық -
5:33 - 5:3610х10 компаниясының халықаралық елшісімін.
-
5:36 - 5:38Міне, сондықтан да қыздарға
-
5:38 - 5:41әлі де мектепке бару қауіпті болып
саналатын, -
5:41 - 5:43Ауғанстандағы қыздарға арналған,
-
5:43 - 5:48SOLA мектеп-пансионы
құрылтайшысының бірімін. -
5:48 - 5:52Ең қызығы — мектебімнің осы мүмкіндікті
жібергісі келмейтін -
5:52 - 5:58оқушыларын көру.
-
5:58 - 6:01Әйелдің білім алуына қатысты
теріс ойларға қарамастан, -
6:01 - 6:05олардың ата-анам сияқты,
-
6:05 - 6:14қолдап отырған ата-аналарының, әкелерінің
барын көріп отырмын -
6:14 - 6:17Ахмед сияқты. Бұл оның шын аты емес,
-
6:17 - 6:19бірақ сіздерге оның жүзін
көрсете аламаймын. -
6:19 - 6:23Ахмед — оқушыларымның бірінің әкесі.
-
6:23 - 6:27Жарты ай бұрын, қызы екеуі
-
6:27 - 6:30ауылдарына SOLA-дан қайтып келе жатқанда,
-
6:30 - 6:37сол кезде жол бойына қойылған
-
6:37 - 6:42бомбаның жарылысынан қаза бола жаздады.
-
6:42 - 6:45Ол үйіне кіре салған бетте
телефон шырылдап, -
6:45 - 6:48арғы шетіндегі дауыс:
-
6:48 - 6:51"Егер тағы да қызыңды мектепке жіберсең,
-
6:51 - 6:54тағы да өлтіруге тырысамыз", - деді.
-
6:54 - 6:58«Егер өлтіргілерің келсе,
қазір өлтіріңдер, -
6:58 - 7:02бірақ, сендердің ескірген және
артта қалған сенімдерің үшін -
7:02 - 7:06қызымның болашағын құртпаймын», —
деп жауап берді. -
7:06 - 7:09Міне, менің Ауғанстанда түсінгенім осы,
-
7:09 - 7:12және Батыста бұл туралы көп айтылмайды
-
7:12 - 7:16Көбіміздің артымызда,
-
7:16 - 7:23өз қызының қадірін білетін,
-
7:23 - 7:28қызының жеңісі – өз жеңісі деп білетін
әкелер тұр. -
7:28 - 7:31Бірақ аналарымыз жеңіске жетуімізге
көмектеспейді дегенім емес. -
7:31 - 7:36Алғаш қыздарының болашағын
-
7:36 - 7:39ойлайтындар дәл осылар,
-
7:39 - 7:43бірақ Ауғанстан сияқты елде
-
7:43 - 7:46біз ер адамдардың қолдауына
ие болуымыз керек. -
7:46 - 7:50Талибандар басқарған кезде,
мектепке баратын қыздар саны -
7:50 - 7:52бар-жоғы бірнеше жүз болды,
-
7:52 - 7:54бірақ бұның заңсыз болғандығын
ұмытпаңыздар. -
7:54 - 7:59Қазіргі кезде Ауғанстанда 3 млн.
қыз мектепке барады. -
7:59 - 8:07(Қол соғу)
-
8:07 - 8:13Америкадан Ауғанстан мүлдем басқаша.
-
8:13 - 8:18Америкалықтар бұл өзгерісті
уақытша деп ойлайды. -
8:18 - 8:21Көп өзгеріс Америка әскері
шығарылған соң, -
8:21 - 8:25ұзақ уақытқа бармай ма деп қорқамын.
-
8:25 - 8:29Бірақ Ауғанстанға қайтып келген соң,
-
8:29 - 8:34мектебімде оқып жатқандар мен
-
8:34 - 8:36оларды қолдап, көтеріп отырған
ата-аналарды көремін. -
8:36 - 8:41ұзақ мерзімді өзгерістер мен
-
8:41 - 8:44келешегі бар болашақты көріп отырмын.
-
8:44 - 8:53Мен үшін Ауғанстан — үміт пен
шексіз мүмкіндік елі -
8:53 - 8:56және күн сайын
-
8:56 - 8:59SOLA оқушылары есіме осыны салып отырады.
-
8:59 - 9:03Мен сияқты, олар да көп нәрсені
армандайды. -
9:03 - 9:04Рақмет.
-
9:04 - 9:15(Қол соғу)
- Title:
- Ауған әйелдерін оқытудағы қиындықтар
- Speaker:
- Шабана Басидж-Расих
- Description:
-
Қыздары мектепке өлім қорқынышымен баратын елді көз алдыңызға елестетіңізші. Ауғанстанда талибандар кезінде дәл осылай болған. Бұл жайт қазір де байқалады. 22 жастағы Шабана Басидж-Расих Ауғанстандағы қыздар мектебінің құрылтайшысы. Ол өз қыздарына сенетін, бағалайтын отбасымен мақтанады және қорқыныштарға қарсы тұрған ержүрек әкенің оқиғасын айтып береді. (TEDxWomen-де түсірілген)
- Video Language:
- English
- Team:
closed TED
- Project:
- TEDTalks
- Duration:
- 09:36
![]() |
Asqat Yerkimbay approved Kazakh subtitles for Dare to educate Afghan girls | |
![]() |
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for Dare to educate Afghan girls | |
![]() |
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for Dare to educate Afghan girls | |
![]() |
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for Dare to educate Afghan girls | |
![]() |
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for Dare to educate Afghan girls | |
![]() |
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for Dare to educate Afghan girls | |
![]() |
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for Dare to educate Afghan girls | |
![]() |
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for Dare to educate Afghan girls |