< Return to Video

Ауған әйелдерін оқытудағы қиындықтар

  • 0:01 - 0:02
    11 жасымда
  • 0:02 - 0:07
    үйімдегі қуанышты дауыстан
    таңертең оянғаным әлі есімде.
  • 0:07 - 0:09
    Әкем кішкентай,
    сұр радиосынан
  • 0:09 - 0:14
    BBC жаңалықтарын
    тыңдайтын.
  • 0:14 - 0:16
    Оны жүзінде сол кезде әдеттен тыс
  • 0:16 - 0:20
    қуаныш бар еді.
  • 0:20 - 0:25
    Әкем: «Талибандар кетті!» - деп
    айқайлап жіберді.
  • 0:25 - 0:28
    Мұның не екенін түсінбесем де,
  • 0:28 - 0:33
    әкемнің бақытты жүзін көрдім.
  • 0:33 - 0:42
    Ол: «Енді сен мектепке бара аласың»
    - деді.
  • 0:42 - 0:47
    Сол күнгі таңғы мезгілді ешқашан
    ұмытпаймын.
  • 0:47 - 0:52
    Кәдімгі шын мектеп.
  • 0:52 - 0:55
    Талибандар Ауғанстанды басып алып,
  • 0:55 - 0:59
    қыздарға мектепке баруға тыйым салған
    уақытта алты жаста едім.
  • 0:59 - 1:02
    Одан кейінгі бес жылда
    әпкемді мектепке апару үшін
  • 1:02 - 1:04
    ұл болып киініп жүрдім.
  • 1:04 - 1:10
    Елден құпия мектепке баратынбыз.
  • 1:10 - 1:14
    Тек осылай ғана біз екеуміз де
    білім ала алатын едік.
  • 1:14 - 1:17
    Біз күнде жүретін жолымызды
  • 1:17 - 1:22
    өзгелер біліп қоймасын
    деп өзгертіп отырдық.
  • 1:22 - 1:24
    Кітаптарымызды азық-түлік
    сөмкесіне салдық,
  • 1:24 - 1:30
    сонда жай ғана дүкенге шыққан сияқты
    болып көрінетінбіз.
  • 1:30 - 1:32
    Мектеп үйдің ішінде болатын,
  • 1:32 - 1:38
    100-ден аса адам кішкентай бір бөлмеде
    отыратынбыз.
  • 1:38 - 1:44
    Қыста бұл ыңғайлы еді, ал жазда шыдау
    мүмкін болмайтын.
  • 1:44 - 1:46
    Біз, ұстаздарымыз, ата-аналарымыз –
  • 1:46 - 1:51
    бәріміз де өмірімізді тәуекелге тігіп
    отырғанымызды білдік.
  • 1:51 - 1:53
    Кей кезде Талибандардың күдіктенуінен,
  • 1:53 - 1:57
    сабақ болмай қалатын.
  • 1:57 - 2:00
    Біз туралы біле ме екен
    деп уайымдайтынбыз.
  • 2:00 - 2:03
    Бізді аңдып жүр ме?
  • 2:03 - 2:06
    Біздің қайда тұратынымызды біле ме?
  • 2:06 - 2:09
    Біз қорықтық,
  • 2:09 - 2:16
    бірақ, сонда да мектепке барғымыз келетін.
  • 2:16 - 2:20
    Білімді құрметтейтін,
  • 2:20 - 2:26
    ал қыздарына қазынадай қарайтын отбасында
    туғаныма бақыттымын.
  • 2:26 - 2:31
    Менің атам өз заманының
    ерекше адамы болатын.
  • 2:31 - 2:34
    Ауғанстанның шалғай ауылынан шыққан
    абсолютті авантюрист,
  • 2:34 - 2:38
    ол қызының, яғни анамның сабаққа баруын
    талап етемін деп,
  • 2:38 - 2:44
    өз әкесінің қарсылығына тап болған адам.
  • 2:44 - 2:48
    Осылайша менің білімді анам ұстаз болды.
  • 2:48 - 2:51
    Міне, ол суретте.
  • 2:51 - 2:54
    Ол 2 жыл бұрын жұмыстан шығып,
  • 2:54 - 2:59
    үйімізді көрші қыздар мен әйелдерді оқыту
    үшін мектепке айналдырды.
  • 2:59 - 3:03
    Менің әкем — міне ол —
  • 3:03 - 3:10
    отбасындағы бірінші болып білім алған
    адам.
  • 3:10 - 3:12
    Оның алдында қыздарды қоса алғанда,
  • 3:12 - 3:17
    балалары білім ала ма деген сұрақ
    туған емес,
  • 3:17 - 3:22
    Талибандардың қоқан-лоққысына қарамай,
    тәуекелге бел буып мектепке берген.
  • 3:22 - 3:30
    Ол үшін балалары білім алмаса,
    сол қорқыныш болар еді.
  • 3:30 - 3:33
    Талибандар басқарған жылдары
  • 3:33 - 3:38
    өмірден көңілімнің қалғаны соншалық,
    үнемі қорқынышта болып,
  • 3:38 - 3:42
    өз болашағымды мүлде елестете алмайтын
    кездер әлі есімде.
  • 3:42 - 3:45
    Мен бәрін де тастағым келетін
  • 3:45 - 3:49
    бірақ, әкем
  • 3:49 - 3:51
    былай дейтін:
  • 3:51 - 3:53
    «Мені тыңда, қызым,
  • 3:53 - 3:56
    сен өміріңдегі бардың бәрін жоғалтуың
    мүмкін.
  • 3:56 - 4:01
    Ақшаңды ұрлауы мүмкін, соғыс кезінде
    үйіңді де тастауға тура келеді,
  • 4:01 - 4:03
    бірақ бір нәрсе өзіңмен қалады,
  • 4:03 - 4:07
    ол сенің басыңдағы нәрсе,
  • 4:07 - 4:12
    егер де сенің білім алуың үшін,
    бізге қан сатуға тура келсе,
  • 4:12 - 4:15
    біз оған да дайынбыз.
  • 4:15 - 4:20
    Сенің әлі де білім алғың келмей ме?»
  • 4:20 - 4:23
    Қазір менің жасым 22-де.
  • 4:23 - 4:26
    Мен ондаған жылға созылған соғыстың
  • 4:26 - 4:29
    әсерінен қираған елде өстім.
  • 4:29 - 4:34
    Менің жасымдағы әйелдердің 6%-дан
    азы ғана мектепті бітірді,
  • 4:34 - 4:37
    егер де менің де отбасымда
    білім бағаланбаса,
  • 4:37 - 4:39
    мен де солардың қатарында болар едім.
  • 4:39 - 4:45
    Бірақ, осында тұрғаныма және Миддлбери
    колледжін бітіргенім үшін қуанамын.
  • 4:45 - 4:55
    (Қол соғу)
  • 4:55 - 4:58
    Ауғанстанға қайта келгенімде,
  • 4:58 - 5:02
    қыздарына білім беремін дегені үшін,
    үй іші теріс айналған атам,
  • 5:02 - 5:06
    мені құттықтағандардың алғашқысы болды.
  • 5:06 - 5:08
    Ол тек қана менің білім алғаным
    үшін ғана емес,
  • 5:08 - 5:10
    сонымен қатар Кабул көшелері бойымен
  • 5:10 - 5:12
    оны машинамен алып жүрген,
  • 5:12 - 5:16
    иә машина айдаған ең алғашқы әйел
    болғаным үшін де мақтанды.
  • 5:16 - 5:21
    (Қол соғу)
  • 5:21 - 5:24
    Отбасым маған сенеді.
  • 5:24 - 5:29
    Көп нәрсені армандаймын, бірақ
    отбасым мен үшін үлкен нәрселерді тілейді.
  • 5:29 - 5:33
    Міне, сондықтан да әйелдерді оқытуға
    бағытталған халықаралық
  • 5:33 - 5:36
    10х10 компаниясының халықаралық елшісімін.
  • 5:36 - 5:38
    Міне, сондықтан да қыздарға
  • 5:38 - 5:41
    әлі де мектепке бару қауіпті болып
    саналатын,
  • 5:41 - 5:43
    Ауғанстандағы қыздарға арналған,
  • 5:43 - 5:48
    SOLA мектеп-пансионы
    құрылтайшысының бірімін.
  • 5:48 - 5:52
    Ең қызығы — мектебімнің осы мүмкіндікті
    жібергісі келмейтін
  • 5:52 - 5:58
    оқушыларын көру.
  • 5:58 - 6:01
    Әйелдің білім алуына қатысты
    теріс ойларға қарамастан,
  • 6:01 - 6:05
    олардың ата-анам сияқты,
  • 6:05 - 6:14
    қолдап отырған ата-аналарының, әкелерінің
    барын көріп отырмын
  • 6:14 - 6:17
    Ахмед сияқты. Бұл оның шын аты емес,
  • 6:17 - 6:19
    бірақ сіздерге оның жүзін
    көрсете аламаймын.
  • 6:19 - 6:23
    Ахмед — оқушыларымның бірінің әкесі.
  • 6:23 - 6:27
    Жарты ай бұрын, қызы екеуі
  • 6:27 - 6:30
    ауылдарына SOLA-дан қайтып келе жатқанда,
  • 6:30 - 6:37
    сол кезде жол бойына қойылған
  • 6:37 - 6:42
    бомбаның жарылысынан қаза бола жаздады.
  • 6:42 - 6:45
    Ол үйіне кіре салған бетте
    телефон шырылдап,
  • 6:45 - 6:48
    арғы шетіндегі дауыс:
  • 6:48 - 6:51
    "Егер тағы да қызыңды мектепке жіберсең,
  • 6:51 - 6:54
    тағы да өлтіруге тырысамыз", - деді.
  • 6:54 - 6:58
    «Егер өлтіргілерің келсе,
    қазір өлтіріңдер,
  • 6:58 - 7:02
    бірақ, сендердің ескірген және
    артта қалған сенімдерің үшін
  • 7:02 - 7:06
    қызымның болашағын құртпаймын», —
    деп жауап берді.
  • 7:06 - 7:09
    Міне, менің Ауғанстанда түсінгенім осы,
  • 7:09 - 7:12
    және Батыста бұл туралы көп айтылмайды
  • 7:12 - 7:16
    Көбіміздің артымызда,
  • 7:16 - 7:23
    өз қызының қадірін білетін,
  • 7:23 - 7:28
    қызының жеңісі – өз жеңісі деп білетін
    әкелер тұр.
  • 7:28 - 7:31
    Бірақ аналарымыз жеңіске жетуімізге
    көмектеспейді дегенім емес.
  • 7:31 - 7:36
    Алғаш қыздарының болашағын
  • 7:36 - 7:39
    ойлайтындар дәл осылар,
  • 7:39 - 7:43
    бірақ Ауғанстан сияқты елде
  • 7:43 - 7:46
    біз ер адамдардың қолдауына
    ие болуымыз керек.
  • 7:46 - 7:50
    Талибандар басқарған кезде,
    мектепке баратын қыздар саны
  • 7:50 - 7:52
    бар-жоғы бірнеше жүз болды,
  • 7:52 - 7:54
    бірақ бұның заңсыз болғандығын
    ұмытпаңыздар.
  • 7:54 - 7:59
    Қазіргі кезде Ауғанстанда 3 млн.
    қыз мектепке барады.
  • 7:59 - 8:07
    (Қол соғу)
  • 8:07 - 8:13
    Америкадан Ауғанстан мүлдем басқаша.
  • 8:13 - 8:18
    Америкалықтар бұл өзгерісті
    уақытша деп ойлайды.
  • 8:18 - 8:21
    Көп өзгеріс Америка әскері
    шығарылған соң,
  • 8:21 - 8:25
    ұзақ уақытқа бармай ма деп қорқамын.
  • 8:25 - 8:29
    Бірақ Ауғанстанға қайтып келген соң,
  • 8:29 - 8:34
    мектебімде оқып жатқандар мен
  • 8:34 - 8:36
    оларды қолдап, көтеріп отырған
    ата-аналарды көремін.
  • 8:36 - 8:41
    ұзақ мерзімді өзгерістер мен
  • 8:41 - 8:44
    келешегі бар болашақты көріп отырмын.
  • 8:44 - 8:53
    Мен үшін Ауғанстан — үміт пен
    шексіз мүмкіндік елі
  • 8:53 - 8:56
    және күн сайын
  • 8:56 - 8:59
    SOLA оқушылары есіме осыны салып отырады.
  • 8:59 - 9:03
    Мен сияқты, олар да көп нәрсені
    армандайды.
  • 9:03 - 9:04
    Рақмет.
  • 9:04 - 9:15
    (Қол соғу)
Title:
Ауған әйелдерін оқытудағы қиындықтар
Speaker:
Шабана Басидж-Расих
Description:

Қыздары мектепке өлім қорқынышымен баратын елді көз алдыңызға елестетіңізші. Ауғанстанда талибандар кезінде дәл осылай болған. Бұл жайт қазір де байқалады. 22 жастағы Шабана Басидж-Расих Ауғанстандағы қыздар мектебінің құрылтайшысы. Ол өз қыздарына сенетін, бағалайтын отбасымен мақтанады және қорқыныштарға қарсы тұрған ержүрек әкенің оқиғасын айтып береді. (TEDxWomen-де түсірілген)

more » « less
Video Language:
English
Team:
closed TED
Project:
TEDTalks
Duration:
09:36

Kazakh subtitles

Revisions